Атырауда тұтас бір отбасы із-түзсіз жоғалды

Атырау облысының полициясы жұмбақ жағдайда із-түзсіз кеткен отбасыны іздеп жатыр. Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын отбасы, яғни әкесі мен шешесі, 2 баласынан қараша айынан бері хабар жоқ. Тек желтоқсан айында келемін деп хабарласқан жігітті күткен туыстары 25 желтоқсанда полиция департаментіне арызданған. Қазір ел бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жоғалған тұрғындардың ұялы телефоны соңғы рет Шымкент қаласында қосылған. Қылмыстық іс қозғалды.
ҚҰТТЫБАЙ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ұшқыр топ құрылды. Ішкі істер министрлігінен 2 қызметкер бөлінді. Қазіргі таңда оқиға орны Қызылқоға ауданында біздің топ қызмет атқарып жатыр. Республиканың түкпір-түкпірінде іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар емделу орындары және басқа да жеке емделу орындары тексерілуде. Тұлғалардың құрылғылары, ұялы телефондары Қзаақстан аумағынан қосылып-өшірілгені анықталды.
———————————————