Алматыда 14 жасар жасөспірім іздестіріліп жатыр. Тигран Шибаев 30 желтоқсан күні Жетісу ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оралмаған. Қайда кеткені белгісіз. Осы оқиғаға қатысты полицейлер шұғыл – тергеу тобын құрды. Жасөспірімді табуға өзге де құрылым мен еріктілер көмек қолын созып жатыр. Құқық қорғаушылар жоғалған бала туралы қандай да бір ақпаратты білетін азаматтардың шұғыл полицияға хабар беруін сұрайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.