Қылмыскерден сыйақы алып, мемлекеттік құпияны жеткізіп отырған Павлодар қаласындағы түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы сотталды. Сот №45 түзеу мекемесінің экс-басшысын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді жариялағаны үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушылар оның қызметтік ақпаратты жария ету фактісін дәлелдеді. Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот айыпталушыны 6,5 жылға бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруға, сондай-ақ подполковник арнайы атағынан айыруға үкім шығарды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.