2026 жылдың мемлекеттік бюджеті іске қосылды

Биылғы жылдың мемлекеттік бюджеті іске қосылды. Негізгі есептік көрсеткіштер өзгеріп, соған сәйкес әлеуметтік төлемдер, зейнетақылар және айыппұлдардың мөлшері түзетілді. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге. Ең төменгі зейнетақы – 69 49 теңге. Ал күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге. Сондай-ақ мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарна мөлшері жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде белгіленді.
———————————————