Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді

Елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Өзгерістер жеке тұлғаларға да, бизнеске де қатысты. 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсті. Ал қосымша құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі төмендетілді. Бұрын бұл көрсеткіш 20 мың айлық есептік көрсеткіш болса, қазір 10 мың айлық есептік көрсеткіш болып белгіленді. Жаңа Салық кодексі жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетінде жарияланған көлемді сұхбатында пікір білдірді. Президенттің айтуынша, Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі. Осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Біздің реформамыз – қатардағы «фискалдық науқан» емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көреміз… Талқылау барысында қазіргі Үкімет те қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Алайда Мен Үкіметке оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма бердім.
———————————————