Мереке күндері Алматыдағы жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді

Жаңа жылдық мереке күндері Алматыдағы жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін демалыс орындары тұрақты бақылауда болды. Дегенмен 1-і мен 4 қаңтар аралығында мегаполисте 45 қылмыс тіркелді, олардың 32-сі ізі суымай ашылды. Жедел жәрдем қызметтері де тәулік бойы жұмыс істеді. Күн сайын шамамен 200-дей медициналық бригада желіде болды. Мереке күндері 11 мыңнан астам қоңырау қабылданып, дәрігерлер 10 мыңнан астам шақыруға шықты. Мереке күндері отшашулар мен петардаларды дұрыс қолданбаудың салдарынан жарақат алғандар да зардап шеккендер де болды.
АНДРЕЙ ЛОЖКИН, ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мерекелік демалыс күндері тіркелген төтенше жағдайдың басым бөлігі – пиротехникадан болатын жарақаттар. Биыл да, өткен жылдағыдай, шамамен 20 адам зардап шекті, олардың жартысынан көбі – бала. Ең кішісі 4 жаста. 10 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді, 7 адам өз еркімен келді, 3 адам стационардан бас тартты.
———————————————