«Жетінші арна» жаңажылдық рейтингте көш бастады

«Жетінші арна» көрерменін баурай білді. 31 желтоқсан күнгі жаңажылдық рейтингте көш бастады. Ең көп қаралған телеарна атанды.
«Жетінші арнада» көрсетілген бағдарламаның да, кино өнімнің де көрермені көп болған. Ал 5 сағатқа созылған «Жетіншіде жаңа жыл түні» жобасы барлық арнадағы мерекелік бағдарлама арасынан көш бастады. Телеаудиторияның көп бөлігі біздің арнадағы жобаны таңдаған.
Жалпы, 2025 жыл арнамыз үшін тарихи жыл болды. Биыл ақпараттық, қоғамдық-саяси жобаларды қайта іске қостық. Түрлі тақырыпты қамтитын деректі фильм топтамасы да эфирге шыға бастады. Нәтижесінде, тұңғыш рет елдегі ең мықты үш телеарнаның бірі болдық. Мағыналы контенттік стратегиясы, білікті мамандар және көрерменмен қалыптастырған сенімді байланысының нәтижесінде арнамыз жыл бойы жетекші орынға жайғасты. 2026 жылда бізбен бірге болыңыздар, сіздерге сапалы өнім ұсынуға әзірміз.
———————————————