Атырауда тұтас бір отбасы із-түзсіз жоғалды | 05.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ОТБАСЫ ЖОҒАЛДЫ
Атырауда тұтас бір отбасы із-түзсіз жоғалды. Алдымен ұлы «жұмыс таптым» деп хабарсыз кетсе, кейін «дәрігерге барамыз» деп отбасы үйге оралмаған. Полиция іздеу жариялады.

СЫЙАҚЫ ҮШІН ҚҰПИЯНЫ АШТЫ
Павлодарда колония басшысы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін 6 жыл 6 айға сотталды. Ол қылмыскерге қызметтік ақпаратты жеткізіп, сыйақы алып отырған.

ТӘРТІП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Еліміздің мегаполисі саналатын Алматыда жаңа жылда жедел қызмет демалған жоқ. 45 қылмысты тіркеп, пиротехникадан зардап шеккен 20 адамға көмек көрсетті.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ
Жаңа жыл. Жаңа дәуір. Жаңа бағыт. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды цифрлық державаға айналдыруды басты мақсат етті. Биыл қандай цифрлық жобалар жүзеге асады?

КОЛЛЕКЦИЯ ЖӘНЕ ТАРИХ
Павлодарлық Столяровтар отбасы монета, банкнота және медальдың түр-түрін жинайды. Жастарға тарихты құрғақ сөзбен емес, бірегей жәдігер арқылы үйретіп жүр.