Рудный қаласында «Соколов» шахтасындағы жарылыстан жұмысшы зардап шекті. Қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, шұғыл түрде операция жасалған. Жансақтау бөлімінде жатыр. 25 жыл еңбек өтілі бар 56 жастағы машинист хәл үстінде жатыр. Жарылыс өндірістік жұмыс кезінде болған.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМҚАН, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Рудный қаласында орналасқан шахта аумағында қызметкердің өндірістік жарақат алу фактісі бойынша полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен азамат қалалық ауруханаға жеткізілді қазіргі уақытта сота дейінгі тергеу тексеру жүргізіліп жатыр. оқиғаның барлық мән жайлары анықталуда. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.