Шымкентте түзету мекемесінің қызметкерлері «сотталғандарды азаптады» деп айыпталды. Жазасын өтеуші мекеме қызметкерлері азаптады деп шағымданған. Қолын кісендеп, төрт сағат бойы темір торға іліп қойған. Ұрып-соққан. Сотталушы бұл жағдай туралы Шымкенттегі адам құқықтары жөніндегі уәкілге хабарлаған. Тексеріс жүргізіліп, тағы бір жазасын өтеушінің жағы сынғанын анықтаған. Уақытында көмек көрсетпеген медқызметкерлер де жауапқа тартылып жатыр. Ал мекеменің үш қызметкері қамалды. Олар азаптау бабы бойынша тергеліп жатыр.
НҰРЖАН СЕРІКБАЕВ, СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің №53 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісімен қылмыстық іс тергелуде. Іс бойынша қазіргі таңда 3 лауазымды тұлға күдікті деп танылып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу сотымен санкцияланды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.