Алматыда жоғалды деп, ел болып іздеген жасөспірім аман-есен табылды. Полиция баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ дейді. 10 күннен бері үйден жырақ, өз бетімен алаңсыз жүрген. Қазір анасына тапсырылып, отбасымен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Ата-анасы бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін жазалануы мүмкін. Бұның барлығын арнайы комиссия ақпарат жинап, жүйелеп, заңға сүйене отырып, жағдайды зерттеп баға береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.