Алға ауданында тоғыз ауыл жарықсыз қалды

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының тоғыз ауылы жарықсыз қалды. Электр энергиясымен жабдықтаушы компанияның мәліметінше, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп. Қарлы жаңбыр мен қатты жел-электр желілерін зақымдаған. Бұл ауданда жаппай жарықтың өшуі алғаш рет болып отырған жоқ. Желтоқсан айында да 7 елді мекен электр қуатынсыз қалған.Тұрғындар,бұл жағдайдан шығудың жолын қарастыруды сұрайды. Осы жолы апаттық бригада электр желісіндегі ақауды жедел ретке келтірген.
———————————————