БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне еліміздің 4 облысынан 11 адам арызданған. Шағым жазғандардың барлығы Орал қаласындағы интернет-дүкен арқылы түрлі көшеттер мен өсімдік тұқымдарын сатып алуға тапсырыс берген. Соған сай 13-тен 63 мың теңгеге дейін қаржыларын да толық көлемде аударып жіберген. Алайда келісілген уақытта тауар иесіне жетпеген. Алданып қалғандар бұл мәселені дау-дамайсыз шешуге тырысыпты. Бірақ кәсіпкер тарапынан олармен кері байланыс болмаған және ақшалары қайтарылмаған. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 5-бабына сәйкес, мемлекеттік мекеме шағымданушының өкілі ретінде сотқа жүгінуге құзырлы. Сот арыз-талаптың негізінде шешім шығарған.
ЭЛЬМИРА ҚИМАТОВА, ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Шағым бергендердің барлық қаржысы қайтарылып, олардың әрқайсысына моралдық өтем ретінде 50 мың теңгеден төленетін болды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Жауапты тарап өз наразылығын беруге құқылы.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.