Павлодарда өткен ғасырлық Жаңа жыл ойыншықтарының ерекше көрмесі өтті

Жаңа жылда бір сәтке өткен шаққа қайта оралғандай әсерде болдық. Павлодар қаласындағы Павел Васильев атындағы үй-мұражайда өткізілген ерекше көрмеге келгендер осылай дейді. Онда өткен ғасырда мереке күндері шыршаларды безендіруге қолданған түрлі ойыншықтар қойылған. Көпшіліке ұсынылған шыны шарлар, Аяз ата мен Ақшақардың түрлі бейнелері, қоңыраулар мен жалаушалар бұрын мұқият сақталынып, жылына бір рет Жаңа жыл қарсаңында ғана қорапшадан шығарылатын. Қазір ол заманның ойыншықтары сұраныстан қалып барады. Ал көрмеге келген жас буын мұндай ғажайып ойыншықтарды алғаш рет қолымен ұстап көруде. Ұйымдастырулар жыл өткен сайын кеңес кезінен жеткен көне ойыншықтарға қызығушылық артып келеді. «Көрме тек өткен күннің көрінісі емес. Бұл – түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, жылы естеліктерге оралтатын шара», — дейді.
———————————————