Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты. Астана – Петропавл тасжолында Toyota Camry тізгіндеген 2001 жылғы азамат жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Айта кету керек, оның екеуі – жасөспірім. Ал фураның жүргізушісі дін аман. Оның Белорусиядан Ресейге бара жатқандығы белгілі болды. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл – жыл басынан бері өңірде тіркелген 3 жол апаты.
СЕРГЕЙ ТАБАРИН, АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта арнайы срапатамалар тағайындалып, процессуалды шешім қабылданады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.