Алматыда үлкен қойма өртеніп, қою қара түтін бірнеше шақырымға жетті.
Жедел өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Қызыл жалынды сөндіруге 85 өрт сөндіруші мен 22 техника тартылған. Өртті сөндіру оңай болмады. Ғимараттың құрылымдық ерекшелігі мен жанғыш материалдың көптігінен жалын тез тарады. Аумағы 2 мың шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.