Шымкентте мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. 21 жастағы Данияр Амалбеков әскер қатарына Тараздан шақырылып, №65 те 06 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Ресми мәліметке сәйкес, сарбаз қызмет барысында медициналық бақылауда болған. 6 қаңтар күні кенеттен оның жүрегі тоқтап, қалалық аурухананың бірінде қайтыс болды. Дәрігерлер жүргізген барлық реанимациялық шара нәтиже бермеген. «Алдын ала диагноз жедел лейкоз», — дейді мамандар. Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал қаза тапқан сарбаздың әкесі әскери қызметкерлер өзіне қысым көрсетіп, ұлының «ауруын мойындауға» мәжбүрлегенін айтты. Марқұмның туыстары Даниярдың лейкозбен ауырғаны туралы мәліметтің тарауына да наразы. Олардың айтуынша, бұл диагнозды растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Ауруға қатысты талдаулардың нәтижесі тек келесі аптада дайын болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.