Ақтауда тұрғын үйдің ауласынан қолданылған шприцтер табылды. Ең сорақысы, қалдық ине мектеп, балабақша және балалар алаңына жақын жерде жатқан. Белсенді тұрғын әрі блогер Азамат Сәрсенбаев оқырмандары хабарлаған ақпарат негізінде оқиға орнына барған. Ол алаңнан қолданылған 10 шақты шприцті көзімен көрген. Қан қалдығы бар қауіпті затты байқап, жинап алып, қоқысқа тастады. Ал полиция тексеру барысында бұл іске қатысы бар күдікті 44 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. Оған «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша хаттама толтырылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс сотқа жолданды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.