ШҚО-да қар құрсауында қалған 16 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында қатты қарлы боран салдарынан құтқару жұмыстары жүргізілді. Ресей шекарасы маңындағы жол учаскелерінде қар құрсауында қалған 16 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды. Арнайы техникамен, олар- жылыту бекеттеріне жеткізілді. Сондай-ақ құтқарушылар боранда адасып кеткен үш балықшыға көмектесті. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккен жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарып, медициналық жәрдем көрсетті.
«Тұрғындардың ұялы телефондарына жолдардың жабылғаны мен дауылды жел туралы алдын ала ескерту хабарламалары жіберілген. Алайда көбі қауіпсіздік талаптарын ескермеген», — дейді мамандар.
МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Боран соғатыны алдын ала ескертілді. Соған қарамастан жолаушылар да, балықшылар да сыртқа шығып кеткен. Убинка ауылы маңында адасып қалған үш балықшы қауіпсіз жерге жеткізілді.
———————————————