«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша өткен жылғы төлемдер 1 ақпаннан кешіктірілмей балалардың шотына аударылады. «2008 жылы туған биыл 18 жасқа толатын азаматтарға да қаражат жинақ шотына түседі», — деді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары. Бір балаға қанша доллардан берілетіні белгісіз, қазір есептеліп жатыр. Заңда белгіленген тәртіппен балалар 18 жасқа толған соң, бұл қаражатты тек білім алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана алады. Жарты жыл бұрынғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 6,9 миллионнан астам бала мемлекеттік бағдарламаға қатысады. Былтыр әр баланың шотына 129 доллардан астам ақша аударылған. Ал бағдарламадан төлемді екінші жыл қатарынан алып отырған балалардың жинағы 232 доллардан асты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.