Отанға деген сүйіспеншілік өнер арқылы дәріптелді. Қарағандыда Зениттік зымыран дивизионы командирінің орынбасары, майор Рамазан Бахтияров ел тарихындағы күрделі кезеңнің маңызын көркем туындылар арқылы жеткізіп жүр. Жақында сарбаздардың қолымен жасалған диорамалар облыстық бейнелеу өнері мұражайында көпшілікке ұсынылды. Көрмеде қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі «Орбұлақ шайқасы» бейнеленген. Диораманы жасаған сарбаздар тарихи қақтығыстың барысын терең зерттеп, Сұлтан Жәңгір мен қазақ батырларының ерліктерімен етене танысқан. Мәселен, «Бородино шайқасы» атты туындыда шамамен 300 жауынгер мүсіні мен сонша жылқы бейнеленген. Бұдан бөлек, Курск шайқасы, Ауғанстан мен Вьетнамдағы ұрыстарға негізделген диорама да бар. Барлық мүсін табиғи материалмен жасалып, қолдан боялған.
РАМАЗАН БАХТИЯРОВ, № 44803 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Диараманы бастамас бұрын оқимыз, зерттейміз. Біз пантер танкісін қолдана алмаймыз. Себебі олар кейін шықты. Тісшұқығыш, пластилин қолдандық. Не табамыз соның бәрінен жасаймыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.