Моңғолия Президенті Silk Way Star байқауының жеңімпазын марапаттады

Моңғолия Президенті Silk Way Star байқауының жеңімпазын марапаттады. Мишель Джозеф «Алтын темірқазық» орденінің иегері атанды. «Алтын темірқазықтай жарқырап жүр», — деді Президент.

Еске сала кетейік, 12 елдің өнерпаздары қатысқан алғашқы азиялық вокалдық байқау Астанада өтті. Шоу Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен Қытайдың медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Байқаудың барлық 10 шығарылымы Jibek Joly және Silk Way телеарналарында көрсетілді. Ал ауқымды гала-финал тікелей эфирде өтті.
———————————————