Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚОЙМАДАҒЫ ӨРТ
85 құтқарушы. 22 техника. Өрт сөндіру пойызы. Алматыдағы 2 мың шаршы метрлік қоймадағы өртті сөндіруге осынша күш бірікті. Жалын неден шықты?
САРБАЗ ЖӘНЕ ДЕРТ
Шымкенттегі Ұлттық ұлан сарбазының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жүрегі тоқтап қалған. Қатерлі лейкоз диагнозымен әскерге қалай алынғаны тексеріліп жатыр.
ТЫМ ЖЕҢІЛ ЖАЗА
Прокурор Талдықорғанда әйелін азаптап өлтірген ер адамға 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Туыстары бұл тым жеңіл жаза деп есептейді.
БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған жолаушылар мен адасып кеткен балықшылар құтқарылды. Шемонайха қаласындағы жылыту орталығына жеткізілген.
ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАРАЖАТ
Ұлттық қор балаларға. Қазақстандық 7 миллионға жуық балаға қаражат жеке шотына түседі. Қашан және қанша аударылады?
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.