Атыраулық ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Осы отбасының күйеу баласы. Алайда заңды түрде Ақбаян Мақсотқызымен 2022 жылы ажырасқан. Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны туралы ақпарат тарады. Соған қарамастан тергеу екеуі ел аумағынан бірге шығып кетуі мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр.
Айта кетейік, қаза тапқан зейнеткерлердің хабар-ошарсыз кеткен екі баласын іздеу жалғасуда. Ал күдікке ілінген екеудің бес баласы қазір Махамбет ауданында ата-әжесінің қолында.
АЙТӨРЕ ӘБЕНОВА, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Ата-аналарының қазіргі уақытта хабар-ошарсыз деп танылғаны, я болмаса басқа ақпарат қолымызда жоқ. Қорғаншылық мәселесі осы іс анықталғаннан кейін ғана қаралады. Оған дейін өзінің туған ата-әжесі қараймыз деп отыр, сол кісілерге сенім білдіріп отырмыз. Өзіміз қадағалап отырмыз.
———————————————