Nestlé компаниясының өнімдерінен қауіпті токсин табылған

Nestlé компаниясы әлем бойынша нәрестеге арналған сүт қоспасының бірнеше партиясын кері қайтарып жатыр. Әңгіме өткен жылдың сәуір-қараша айлары аралығында шығарылған өнімдерге қатысты. Олардың құрамынан сәбидің асқазан-ішек жолына қауіпті токсин табылған. Бала ағзасына зиян сүт қоспасы Қазақстанға да әкелінген болуы мүмкін. Швейцарлық компания қазір сатушылар мен ата-аналардан өнімді қайтаруды сұрап отыр.
———————————————