Қайырымдылықты жеке мақсатқа пайдаланған Тотақановтар 7 жылға сотталды | 09.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҮКІММЕН КЕЛІСПЕЙДІ
Әйелді азаптап өлтірудің жазасы 14 жыл ғана.Талдықорғанда Айзат Жұманованың күйеуі неге аса қатыгездікпен кісі өлтіру бойынша сотталмады?

ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕ СЕЛКЕУ ТҮСТІ
Баланың еміне жиналған миллиардтаған қаражатқа бәс тігіп, пәтер алып, су жаңа көлік мінген. Қайырымдылықты жеке мақсатқа пайдаланған Тотақановтар 7 жылға сотталды.

ТОКСИН ТАБЫЛДЫ
Шетелден жеткізілетін нәрестеге арналған сүт қоспасынан қауіпті токсин табылды. Сауда сөресінде әлі тұр. Халық тұтынатын тағамды тыңғылықты тексеру жалғасып жатыр.

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмысы уақытша тоқтатылды. Жобаға 45 млрд теңге бөлінген.

ШАХТЕР ҚЫЗ
Абыз кенішіндегі шахтер қыз. Қарағандыда жер астындағы ауыр жұмысты әнмен еңсеріп жүрген еңбекқор кім?