Түркістан облысында төрт адам көмірқышқыл газынан уланған

Түркістан облысында бір отбасы қара жамылды. Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде төрт адам көмірқышқыл газынан уланған. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы көмір жағып тұрған.
Уланған төрт адамның үшеуі анасы мен екі бала оқиға орнында қаза тапты. Медициналық қызметкерлер кәмелетке толмаған бір баланы, орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Ол қазіргі уақытта, жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————