Шымкентте 21 жастағы қыз қатігездікпен өлтірілді. Бейнежазбадан қаладағы тұрғын үйдің бірінде екі адамның сұлбасын көруге болады. Аулада жігіт қызды қуалап жүр. Сорақысы сол, 28 жастағы ер адам әйелді бірнеше мәрте пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм мен күдікті бұрыннан таныс. Қылмысты жасаған адамға іздеу жарияланды, күдікті әлі ұсталған жоқ. Бұл жайт бойынша, полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.