Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, соңғы алты айда күдіктілер алдау, қорқыту және күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушінің жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асатын қаражатын иемденген. Азаматтарды арнайы шоттарынан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде, күдіктілерден қарудың оқ салғышы мен 100-ден аса оқ-дәрі тәркіленді. Барлық күдікті қамалды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша бопсалау белгілерімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Барлық күдікті ұсталды. Оларға он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Полиция оларды басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.