Павлодар облысында халықты шулатқан «HAS» қаржы пирамидасына қатысты жаңа дерек шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаментіне алданған тұрғындар тағы арыз-шағым түсірген. 125 жәбірленуші зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 820 миллион теңгеден асады. Бұған дейін сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырған. Залалды өтеу үшін сот шешімімен 1,2 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді. Оның ішінде пәтер, көлік, жер телімі және банктік шоттағы қаражат бар. Бүгінде жәбірленушілерге 300 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеті қайта сараланып оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету , қаржылық примиданы ұйымдастыру және жарнамалау сондай- ақ қылмыстық жолмен алған ақша және мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды. Тергеу жалғасуда. Қаржы монитрингі агенттігі «HAS» пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды ацмақтық бөлімшелерге арзыбен жүгінуге шақырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.