Өскеменде коммуналдық қызмет қар тазалайтын қосымша техникамен қамтылады

Өскеменде коммуналдық қызмет қар тазалайтын қосымша техникамен қамтылады. «БИПЭК АВТО» кәсіпорнынан тәркіленген тракторлар мен бетон араластырғыш жүк көліктері қала көшелерін тазалауға пайдаланылмақ. Айталық, қысы қатты Өскеменде 800 шақырымнан астам жолды тазартуға қазір небәрі 75 арнайы техника ғана тартылады екен. Қар қалың түседі, кейде апталап тоқтамайды. Сондықтан облыс орталығында коммуналдық техника жетіспеушілігі бұрыннан бері өзекті. Қала әкімдігі бұл түйткілді шешудің балама жолдарын қарастырып жатыр. Қазір Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Банкте кепілде тұрған, тәркіленген тракторларды мемлекет меншігіне беру шаралары басталды.
———————————————