Оралда қар жауса, қатынас тұралайды

Оралда толассыз қар жауса, қарбалас та басталады. Көше жолдарының ұзындығы 700 шақырымдық жететін шахарда қатынас тұралап, жүру қиындаған.
Қыс келсе, Оралда қарбалас басталады. Мердігер компанияның да жұмысы көбейеді. Мердігер деуге себеп бар, бүтін бір қаланың тазалығына бір ғана мекеме жауапты.
БАУЫРЖАН ЗӘКИ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ, ЗАҢГЕР:
— Кем дегенде үшке бөлінуі керек. 6 мкр – солтүстік-шығыс жағы, Орталық және Зашаған кенті, яғни Атырауға жақын шеттері. Осылай үшке бөлуді бірнеше рет ұсындық. Бірақ үшке бөлу, өзіңіз білесіз, бәсекелестікті тудыртады. Бөлгеннен кейін үш лотқа үш компания түсуі мүмкін. Тек Орал емес, Ақтөбе, Астана болсын басқа жақтан да келіп, мердігерлер жұмыс істей бастауы мүмкін.

Бас шаһардағы көшелердің жалпы ұзындығы 690 шақырымды құрайды. Қар жауса барлығын бір мезетте тазарту мүмкін емес. Салдарынан қатынас тұралап, қозғалыс қиындайды.

Қардан тазарту қарқын алған. Мекемедегі 380 техника мен 750 жұмысшы екі ауысымға жұмыс істеп жатыр.

Оралда көшелерді қар құрсап, жолаушылар жолдарының көк тайғаққа айналуы қалыпты жағдайға айналған. Мердігердің қызметіне қатысты сын да көп.
РИНАТ НҰРҒАЛИЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Кешкі ауысымда екінші кезектегі жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Күндізгі ауысымда бір тазалап шыққымыз келеді, бірақ қазір қалада көлік кептелісі өте көп. Жолдың жиегінде машиналардың көп тұруына байланысты қаланы түнгі ауысымда таңға дейін тазартып шығуға тырысып жатырмыз.

Қыстың қақ ортасы. Ауа райы мың құбылған сәт. Синоптиктердің айтуынша, Оралда тағы да толассыз қар жауады.
———————————————