Тұраққа автокөлігін қою ережесін бұзғандарды Тараз полициясы жауапқа тартып жатыр

Тұраққа автокөлігін қою ережесін бұзғандарды Тараз полициясы жауапқа тартып жатыр. Рейд жүргізіп жүрген тәртіп сақшылары ережені алғаш бұзғандарға әуелі ескерту жасайды. Яғни рұқсат етілмеген жерге қойған машинаны алып тастаңыз деп SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл талапқа құлақ аспаған жағдайда, авто айыптұраққа әкетіледі. Жыл басынан бері айыптұраққа 12 транспорт қойылған. Әр автокөлік иесі енді 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Былтыр тоқтау немесе тұраққа техниканы қою ережесін бұзғаны үшін мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлердің айтуынша, дұрыс қойылмаған машина жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.
———————————————