Алматыда алғашқы крематорий жұмысын бастайды

Алматыда 1,5 миллиард теңгеге салынған крематорий жақын арада жұмысын бастайды. 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Жалпы, аталған нысан 2021 жылы салынғанымен, нормативтік-құқықтық базаның болмауына байланысты ұзақ уақыт жабық болды. Тек жуырда ғана крематорий қалалық патологоанатомиялық бюроның балансына берілді. Қазір қызмет бағаларының тізімі бекітіліп жатыр. Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жуырда бюроның ресми сайтында жарияланады.
———————————————