Абай облысында ізім-ғайым жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды. Учаскелік полиция инспекторы оны бейнебақылау камералары арқылы тауып алған. Нақтырақ айтқанда, камераның көмегімен баланың жүрген бағытын және нақты орнын анықтаған. Нәтижесінде, бірнеше сағат бойы құдықта қалып қойған бала табылып, аман-есен шығарылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала бетон плитадағы саңылауға абайсызда құлап кеткен. Оған медициналық көмек қажет болмады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.