Өскеменде лабрадор күшігін қорлаған ер адамды біреулер сабап кеткен

Өскеменде 5-қабаттан лабрадор күшігін лақтырып жіберген ер адамды біреулер сабап кеткен. Қазір ауруханада жатыр. Бесінші қабаттан тасталған жануар ветеринарлық клиникада өлді. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде лезде таралып, қоғамдық резонанс тудырды. Жануарға қатыгездік таныту дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алайда біраз уақыттан соң күдіктінің өзін белгісіз біреулер соққыға жығылғаны белгілі болды. Полицейлер тек төрт аяқты жануарға қатысты зорлық-зомбылықты ғана емес, ер адамның соққыға жығылу дерегі бойынша да тергеу жүргізіп жатыр
———————————————