Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР
Жантүршігерлік кадр. Шымкентте қызды қуалап жүрген жігіт бірнеше жерден пышақтап өлтірген. Полиция күдіктіні іздеп жатыр
ҚИРАНДЫ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Майбалықтағы трагедия. Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқыстан жарылған. Әкесі мен баласы қаза тапты. Тағы біреуін қиранды астынан іздеп жатыр
ЖЕТІМГЕ ҚОҚАН-ЛОҚЫ КӨРСЕТТІ
Қарағандыдағы «Балалар үйінің» тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаған ұйымдасқан топ ұсталды. Күдіктілер жәрдемақыларын тұрақты алып отырған.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ АҚШАСЫН ЖЫМҚЫРДЫ
Астанадағы жедел жәрдем қызметінің 850 млн теңгесі қолды болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті былықтың бетін ашты.
ҚЫТЫМЫР ҚЫС БАСТАЛДЫ
Сықырлаған қыс басталды. Республикалық жолда көлік жылдамдығы шектелді. Тіпті рейстер кейінге шегерілді. 35 градустық аяз болатын күн жақын.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.