Атырау облысындағы қылмыс: күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланды

Атырау облысында өлі табылған зейнеткерлердің қызы мен осы қылмысқа күдікті ретінде танылған оның күйеуіне халықаралық іздеуге жарияланды. Сұлтан Сәрсемалиевтің қайда жүргені белгісіз. Айта кетейік, Жангелдин ауылында бір отбасы түгелдей жоғалып кетіп, кейін 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайының мәйіті қорадан табылған еді. Марқұмдардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызынан әлі күнге дейін хабар жоқ.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Басында төрт адамға іс-түссіз жоғалу дерегімен қылмыстық іс тіркелсе, қазіргі таңда оған екі адам қосылды. Екі адамның мүрдесі анықталды және екі жәбірленушіні іздестіру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі адамға халықаралық іздестіру жарияланды, біреуіне сары бюллетень, яғни іс-түссіз жоғалу дерегімен сол отбасының қызына және оның күйеуіне күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланды.
———————————————