Еліміздің солтүстігінде көлігіне жалған нөмір тағып, тайраңдап жүргендер қолға түсті. Төрт азаматтың темір тұлпары айып тұрағына қойылып, өздері бес тәулікке қамалды.
Айта кетейік, олардың екеуі жергілікті тұрғын болса, қалғаны – Ресей Федерациясына қарасты Түмен облысының азаматы. Соттың шешімімен пысықайлардың барлығы бір жыл бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Аталған акция аясында республикалық маңызы бар жолдарда мемлекеттік нөмірі оқылмайтын 100-ден астам автокөлік тоқтатылған. Мұнымен қоса тағы 28-техниканың тіркеуде болмағыны әшкерленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.