Көктемгі тасқынға қатысты нақты болжам ақпан айында белгілі болады. Су ресурстары және ирригация министрі біздің тілшілердің сұрағына осылай деп жауап берді. Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, қазір елдегі барлық суқойма бақыланып отыр. «Олардың қанша көлемдегі суды қабылдауға дайын болуы керек екені Қазгидрометтің ақпан айындағы болжамынан кейін шешіледі», — деді министр.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:
— Біз Нидерланды мен Германиямен бірлесіп, TALSIM бағдарламасын әзірледік. Ақпанда нақты болжамын аламыз. Сол болжамға сәйкес, суқоймалардың көлемін реттейміз. Бүгінгі күні мұздың қалыңдығы 50 см-ге, кейбір өңірлерде 80 см-ге жетіп отыр. Ал қардың көлемі мен одан қанша су шығатынын ақпан айында нақты белгілі болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.