Қызылордада V Ұлттық құрылтайды өткізуге дайындық жүріп жатыр

Қызылордада бесінші Ұлттық құрылтайды өткізуге дайындық жүріп жатыр. Құрылтайдың 20 қаңтарда өтетіні Парламенттік реформа мәселесіне арналған кезекті жұмыс кеңесінен кейін белгілі болды. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президенттің құқықтық мәселелері жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың өтетін күнін бекітіп қана қоймай, жиынды ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Бұған дейін Ұлттық құрылтай отырысы Ұлытау облысында, Түркістанда, Атырауда және Бурабайда өткен, ал Қызылорданың таңдалуы да символдық мәнге ие, себебі бұл қала Қазақстанның алғашқы астанасы болып, дәл осы жерде 1925 жылдың 15 сәуірінде «қазақ» тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданған.
———————————————