ШҚО-да орман шаруашылығы арнайы техникамен толықты

Шығыс Қазақстан облысындағы 13 орман шаруашылығы қажет арнайы техникамен толықты. 176 жол талғамайтын көлік, шағын өрт сөндіру кешендері, тракторлар мен ұшқышсыз аппараттар енді орман күзетін нығайтып, өрттің алдын алу үшін қолданылмақ. Орманшылар бұл жаңа техниканы 10 жылдан аса күткен. 2025 жылы елдегі өрт қаупі жоғары аймақтардағы орман шаруашылықтарын қайта жабдықтауға республикалық бюджеттен 26 миллиард теңге бөлінген. Бұған дейін қорықшылар тайганың ондаған шақырымын жеке көліктерімен аралауға мәжбүр болыпты. Ал жаңа техниканың мүмкіндігі көп. Пикап көліктері жүк тартқыш шынжырлармен, генераторлармен және ықшам өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталса, жасанды интеллект арқылы өрт ошақтарын анықтап, дер кезінде сөндіруге ұшқышсыз аппараттар арқылы қол жеткізілмек.
———————————————