Ақтөбе облысында полиция мұражайы сирек тарихи қарумен толықты

Ақтөбе облысында полиция мұражайы сирек тарихи қарумен толықты. Осыдан 130 жыл бұрын жасалған немістің ағаш қын-қобурасы бар Маузер тапаншасы әлі жұмыс істейді. Аталған раритет тапанша 2025 жылы Атырау қаласының тұрғынынан «Алимбет» бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекарадан заңсыз алып өтпек болған кезде тәркіленген. Жедел іс-шаралар барысында азаматтың қаруды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сақтағаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралды. Сот шешімімен күдікті кінәлі деп танылып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
———————————————