Таразда сыныптасының өліміне себепкер болған оқушы 6 жыл 8 айға сотталды. Оның ата-анасы жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндетті. Еске салайын, қайғылы оқиға былтыр қыркүйек айында №47 орта мектепте болған. Үзіліс кезінде оқушылар дәретханада төбелесіп қалған. Мойын тұсынан соққы алған 9-сынып оқушысы сол жерде тіл тартпастан кетті.
ДӘУРЕН БАЙНАЗАРОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Сот тергеуі барысында кәмелетке толмаған сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Сотталушының кінәсі зерделенген барлық қылмыстық іс құжаттарымен, атап айтқанда, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен өз дәлелін тапты. Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы Р. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.