Үй жөндеуге кіріскен павлодарлық қос ғашық бір-бірін пышақтап тынды. Тергеу дерегіне сүйенсек, былтыр қарашада ерлі-зайыпты өз пәтерінің ішін сылап, еден төсемек болған. Алайда ішімдік ішкен екеу шекісіп қалады. Ері әйеліне қол көтерген. Әйелі де қарап қалмай, пышақ сілтепті. Жігітке операция жасалды. Жұбайына өкпелемейтінін айтқанымен, сот әйелді жазалау туралы үкім шығарды.
МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Сот жеңілдететін мән жайларды, кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін оның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын ескерді. Ауырлататын мән-жай – қылмыс жасауы. Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.