Теміртауда жылу құбыры жарылып, тұрғындар далада қалды

Қақаған қыста жүздеген тұрғын далада қалды. Теміртауда жылу құбыры жарылып, 40 көпқабатты баспана мен жеке сектордағы ондаған үй, сондай-ақ бірқатар бизнес пен әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Коммуналдық қызмет төтенше жағдайға магистральдың әбден ескіруі себеп. Жарты ғасыр бұрын салынған жылу құбыры жөндеу көрмеген. Оқиға орнында қазір апатты қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Алайда жағдайды ауа райы қиындатып отыр.
ҒАЛЫМ ӘШІМОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Бүгін түнде жылу құбыры істен шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Шамалы уақытта жылуды қосамыз. Бәріміз осындамыз, бүкіл жұмысшы, құрал-жабдық, техниканың бәрі осында бар.
———————————————