Тараз қаласында прокурорлар пәтерді заңсыз иемдену дерегін анықтады. Олар тұрғын үйге қатысты сот шешімдерін талдау барысында 10 иесіз пәтерді анықтаған. Баспананың нарықтағы жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Соған қарамастан, әр тұрғын сот арқылы құқықтарын қорғауға тырысты. Олар бірнеше жыл тұратынын, тұрақты коммуналдық қызметке төлем жасағандарын алға тартқан. Алайда заң жүзінде иелік ететін растай алмады. Мәселен, шағымданушының бірі пәтерде жеті жыл бойы тұрмаған. Тәркіленген 10 пәтер әлеуметтік осал топ тізіміндегі мұқтаж азаматтарға берілді.
САЛАМАТ АБИТБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Талдау бойынша қала прокуроры иесіз нысанды коммуналдық меншікке беру жөнінде шаралар қабылдау туралы әкімдікке ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта сот үш пәтер бойынша талап-арызды қанағаттандырды. Тағы бірқатар нысанға қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Сот меншік құқығын танудан бас тартқан азаматтар тұрғын үйден шығарылмайды. Егер онда тұрып жатқан адам әлеуметтік осал топқа жатқызылса, олармен тұрғын үйді кейін жекешелендіру құқығын көздейтін жалдау шарттары жасалады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.