Мақсат Толықбай: Атақ-марапат оңды-солды таратылып, құны кетті

«Көптеген дамыған елде мемлекеттік марапат заңмен қорғалады. Атақ пен награда критерийі нақты белгіленіп, рәсімделуі ашық жүзеге асырылады. Ал бізде керісінше, марапат оңды-солды таратылып, құны кетті», — деген Мақсат Толықбай Мәжілісте марапат мәселесіне байланысты депутаттық сауал жолдады.
Айтуынша, белгісіз қоғамдық ұйымдар «Ғасыр ұстазы», «Алаш ұстазы»деген атақ таратып жүр. «Марапат тіпті тойға апаратын сыйлық деңгейіне дейін түсті», — дейді мәжілісмен.
———————————————