Ақтөбеліктер алаяқ туристік компанияны жазалауды талап етті

Ақтөбеде ондаған тұрғын алаяқ туристік компанияны жазалауды талап етті. Уәде етілген сапар да жоқ, берген қаражат та 3 жылдан бері қайтарылмаған. Наразы жұрттың тізімі 30-дан асып кеткен. Ал турфирмаға ұстатқан ақша 100 миллион теңге шамасында. Тек 2 адам ғана шетелге демалып келген. Сондықтан алданған ақтөбеліктер тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етіп отыр. Жәбірленушілердің де өзгелерге айтар кеңесі бар.
———————————————