Оралда әлі жарыққа шықпаған көне кітап пен 200-ге жуық қолжазба табылды

Оралда әлі күнге жарыққа шықпаған, халықтың қолында жүрген көне кітап пен қолжазбаны табу, түгендеу жалғасып жатыр. Бұл игі іс облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін әр ауданнан 200-ге тарта көне жәдігер табылған. Құнды құжаттар иелерінің қалауы бойынша музейдің тұрақты және уақытша қорының есебіне алынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. «Себебі ел арасында көзге түспеген құндылықтар баршылық», — дейді зерттеушілер. Қазір осы уақытқа дейін жиналған көне жәдігерлердің сипаттамалары жазылып, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тіліне аударылып, каталог ретінде шығарылып жатыр.
———————————————